Депутат Ардақ Назаровқа ескерту беріледі - Ерлан Қошанов
Парламент кулуарында журналистер сауалына жауап бермеген Ардақ Назаровқа қатысты Мәжіліс спикері пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Мәжілістің алғашқы отырысынан кейін журналистер сауалына немқұрайлы қарап, жауап бермеген депутат Ардақ Назаровтың әрекетіне төраға өз ойын білдірді.
Бүгін депутаттардың бірінші отырысы болды. Әрине, мен Парламент спикері ретінде және өзге де басшылар депутаттармен жұмыс жүргізіп, журналистерге байланысты талапты жеткіземіз. Бұған дейінгі жетінші шақырылымда ондай оқиғалар болды деп мен айта алмаймын. Солай ғой?! Сондықтан, біз де оны қайталамауға тырысамыз. Әрине, журналистермен кездесу, сіздерге сұхбат беру – бірінші кезекте біздің мүддеміз. Себебі сіздер арқылы халыққа жасап жатқан жұмысымызды жеткізу қажет, - деді Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері сұраққа жауап бермеген депутаттың мандатынан айыру туралы бап заңда қарастырылмағанын атады.
Ардақ Назаров біздің регламентті бұзатын болса, әрине, ескерту беріледі. Журналистердің сұрағына жауап бермеген екен деп, депутаттық мандатынан айыру заңда қарастырылмаған. Депутат өзі құқылы - жауап бере ме, жоқ па? Бірақ жауап беруі қажет, деді Ерлан Қошанов.
Сайлаудан кейін депутаттық мандатқа ие болған Ардақ Назаров журналистер сауалына жауап беру кезінде сынға ұшырады. Ол қаңтар оқиғасына қатысты сауал жауап бермей, алда жастар тәрбиесімен айналысатыны туралы жауап берген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram