Новости Казахстана26 сентября 2023, 16:40

Браконьерлерден 7 бас жабайы аңның тушасы табылды

Түркістан облысында браконьерлерден 7 бас жабайы аңның тушасы табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Киік атқан деген болжам айтылады. Браконьерлерден құжатысыз 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Түркістан облысы Созақ ауданы полиция бөлімінде ҚР ҚК 337-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалыны Шымкент тірек бекетінің инспекторлары, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шара өтті. Созақ ауданы Қыземшек ауылынан шамамен 70-80 шақырым жерде «Урал» мотокөлігін тізгіндеген 1982 жылғы жергілікті тұрғын мен Тасты ауылының 1991 жылғы тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында ішкі құрылыстары алынған 7 бас жабайы аңның денесі табылды» - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Түркістан облысы Созақ браконьерлер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!