БҚО-да 22 жастағы жігіт көпірден секіріп бақилық болды
Орал қаласында көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 30 мамыр күн сағат 15.15-те Шаған өзенінен өтетін көпірде орын алғанын мәлімдеді.
2001 жылы туған тұрғын «Динамо» спорт базасы маңындағы көпірден секіріп, өз-өзіне қол салған. Мәйіт Орал қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілген.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу амалдарын Зачаган полиция бөлімі жүргізуде, - деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін Ақтөбе облысында бір күнде үш адам суицидтен қайтыс болған еді. Сондай-ақ, Түркістан облысында зейнеткер аурухананың терезесінен секіріп, бақиға аттанды.