Шымкентте зейнеткер аурухананың терезесінен құлап қайтыс болды
Кеше Шымкентте 72 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың үшінші қабатының терезесінен құлап, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға 18 мамыр күні түнде шамамен сағат 23:30-да болған.
Оқиға орнында хабарлағандай, зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болған соң ауруханаға түскен. Алайда бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлі растаған жоқ. Ол отбасылы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бір-екі күн бұрын қарияға ұлы келіп кеткен екен.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның мәйітінде зорлық-зомбылық белігілері болмаған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в