Новости Казахстана2 марта 2023, 17:21

Болгарияда жекпе-жектен бас тартқан Қоңқабаев туралы өзбек боксшысы пікір білдірді

Софияда өткен "Странджа" кубогында ширек финалда кездесуге шықпай қалған Қамшыбек Қоңқабаев туралы оның қарсыласы өзбек Баходир Жалолов пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Sports.kz жазуынша, кәсіпқой және әуесқой бокста қарымды спортшы саналатын өзбекстандық Баходир Джалолов Болгариядағы халықарақ турнирде Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жекке шықпайы қалғанын сөкеттік санамайды. 

Қамшыбек екеуміз жақсы араласамыз. Ол адал дос әрі жақсы жігіт. Адам ретінде де керемет. Ол қазақ тілінде сөйлейді, мен өзбекше жауап қайтарамын. Біз достық қарым-қатынасты жақсы ұстанамыз, - деді бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы. 

Қамшыбек Қоңқабаев "Странджа" кубогының ширек финалында Баходир Джалоловпен жұдырықтасудан бас тарту себебін ҚР бокс федерациясы жарақатына байланысты деген желеумен байланыстырған болатын. Кейін отандасымыздың әрекетін өзбек суретшісі карикатураға бейнеледі. Аталған турнирде Қазақстан боксшылары бір күміс, бір қола медаль иеленіп, өзге спортшылар жүлдеден тыс қалды. 

Баходир Жалолов бокс Қамшыбек Қоңқабаев спорт

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!