Новости Казахстана13 июля 2023, 20:33

Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін сотталуы мүмкін - ІІМ

Бір айға жуық уақыт бұрын Астанадағы қоғамдық демалыс орындарының бірінде балалы ер адамды ұрған кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған оқиға бойынша ІІМ "MEGA SILK WAY" СОО-дағы бұзақылықты тергеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді. 18 маусым күні Астанадағы "MEGA SILK WAY" СОО-дағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша  ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - деп жазылған ІІМ хабарламасында. 

Сонымен бірге, министрлік тарапы аталған іс бойынша барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын да атады Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілмек. 

Бұған дейін кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің Астанада балалы ер адамды ұрғаны туралы ақпарат тарады. Кейін қоғам белсендісінің бірі оның үстінен ІІМ-не шағым түсіргенін мәлімдеді. 

Бейбіт Шүменов Төбелес

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!