Новости Казахстана12 июля 2023, 16:20

Бір ай бұрын Астанада балалы адамды ұрған Бейбіт Шүменовке қылмыстық іс қозғалды

Кәсіпқой бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қоғамдық орындардың бірінде бала ұстаған ер адам ұрып тастаған. Оқиға бір ай бұрын болғанына қарамастан жәбірленушінің шағымы бойынша іс қозғалмаған, деп хабарлайды Arbat.media.

Шулы оқиғаның бейнежазбасы кешеден бері әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Онда Mega Silkway мейрамханасында ер адам бала ұстап отырған адамға тап беріп, соққының астына алғаны анық байқалады. Бұл жағдай өткен айдың 18 күні болған. Алайда Астана қаласының Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушылықты байқағанына қарамастан іс қозғамаған. Сонымен бірге, прокуратура тарапы да адвокаттың шағымына бей-жай қараған көрінеді. 

Жәбірленушінің адвокаты Қанат Тілеужан бір айға жуық уақыт бойы полицияның әрекетсіз отырғанын атады  Алайда шулы оқиғаның бейнежазбасы желіде тарағаннан кейін барып тергеу басталған. Соққы жасаған адамның бокстан ҚР ұлттық құрама мүшесі болған Бейбіт Шүменов екені айтылған еді. 
 
ІІМ вице-министрі Қайрат Сұңтаев бейнежазбадағы шабуыл жасаған адам боксшы Бейбіт Шүменовтің өзі болғанын растады. 
 
Бейбіт Шүменов әуесқой бокстан 81 келіде 2004 жылы Азия чемпионы атанып, Афины Олимпиадасына қатысқан. 2007 кәсіпқой боксқа ауысып, кейін кәсіпқой бокста екі тұжырым бойынша әлем чемпионы болған. 
 
 

Бейбіт Шүменов бокс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!