Новости Казахстана18 июня 2023, 21:18

"Банк ақшасын жетім-жесірге аударуды сұраған". Астанада кепілген алған басқыншымен келіссөзді ІІМ жүргізді

Астанадағы банк бөлімшелерінің бірінде қызметкерлерді кепілге алған жамбыл тұрғын бірнеше сағаттан кейін күштік құрылымдардың қолына түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Елордадағы Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізіліп, кепілге алынған барлық қызметкерлер босатылды.

Олар полиция штурмынан кейін сыртқа шығарылып, қарулы адам бірден ұсталған. Онымен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіліп, нысан аумағын "Арлан" арнайы жасағы қоршауға алған болатын. 



Нәтижесінде кепілдер болған қызметкерлердің дәрігерлер тексеріп, ешкімнің зардап шекпегені белгілі болды. 

Сонымен бірге, банкке басып кірген Жамбыл облысының 30 жастағы тұрғынымен арнайы келіссөзді ішкі істер министрі Марат Ахметовжанов жүргізген. Сондай-ақ, күштік құрылым басшысы оқыс оқиғаға байланысты арнайы операцияға басшылық еткені белгілі болды. 

 

Астана Кепілге алу банк

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!