Алматы әуежайының түркиялық директоры еңбекақы ретінде ай сайын 20 миллион теңге алып жүр
Алматы халықаралық әуежайының Түркиядан келген директоры 20 миллион теңге айлық еңбекақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы журналист Денис Кривошеев әлеуметтік желіде жариялады.
"Түркиядан келген үшінші сортты менеджер Альп Ер Тунга Ерсой айына 45 мың АҚШ долларын алады. Теңгеге шаққанда 20 миллион теңге. Бұған оның жүріп-тұруына, іссапарларына жұмсалатын қаржы кірмейді, - деп жазды журналист желіде.
Сонымен қатар, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Альп Ер Тунга Ерсой тарифті бес есеге өсіруді сұраған. Ерсойдың сөзінше, Алматы әуежайындағы тариф еуропалық елдермен салыстырғанда 3-4 есе төмен көрінеді. Ол әуежайдың негізгі кірістерді әуежай төлемдерінен емес, жанармай сату арқылы алатынын айтып отыр.
Поделиться
Читать Arbat media в