Новости Казахстана30 марта 2023, 18:49

Астанада LRT құрылысын қытайлық компания жүргізеді

Астана қаласындағы шуға ұласқан  LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды, хабарлайды Arbat.media.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын қай елдің компаниясы салатынын атады.  

Бас мердігер – Қытай елінің компаниясы. Сол компания аталған нысанды құрылысын әрі қарай салатын болады, – деді Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сауалына жауап бере отырып. 

Алда пайдалануға бермес бұрын қажетті вагондарға да бас мердігер өздері тапсырыс бермек.

Нысанның вагондар құрамына да мердігер компания тапсырыс береді. Солар салатын болғандықтан нысанды өздері аяғына дейін жеткізеді", –  деді Астана қаласының әкімі. 

Бұдан сәл бұрын Астанада құрылысы аяқталмаған 50 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. Сонымен бірге, қала әкімі құрылыс жұмыстары келер жылдың соңында толығымен аяқталатынын айтқан еді. 

LRT Астана Жеңіс Қасымбек Құрылыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!