Placeholder
365info.kz
Новости Казахстана28 февраля 2023, 18:57

Астанадағы LRT құрылысына қосымша 50 миллиард теңге бөлінетін болды

Астанадағы LRT құрылысын аяқтау үшін 50 миллиард теңге қаржы қала әкімдігіне сәуір айында берілуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media 

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев атап өтті.

Биыл Astana LRT құрылысына 50 миллиард теңге қосымша қаржы қарастылып отыр. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық, -  деді Марат Қарабаев

Министр республикалық бюджеттен қаржыны бөлу жайы парламентте талқыланып, арнайы қаулыға қол қойылуы керектігін атады. Енді тиісті қаржы сәуір айында Астана әкімдігіне берілуі керек. 

Марат Қарабаев Астана әкімдігінде LRT құрылысы талқыланғанын атады. Жоспар бойынша әкімдік құрылысты әуежай жақ бағыттан бастауды көздеп отыр.  Тиісті қаржының бір бөлігін вагондар сатып алу үшін авансты қаржыландыруды жоспарланған. 

Астана Құрылыс LRT Қаржы

Новости по теме