Астана күнінде отшашу болмайды - әкімдік
Астана күніне орай мерекелік отшашу рәсімі болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдік ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Елорданың 25 жылдығына орай жүзден астам іс-шаралар рәсімін өткізу жоспарланған. Оның тоқсанға жуығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін ұйымдастырылғалы отыр.
Мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар ашылады деп күтіліп отыр. Оның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, басқа да қоғамдық нысандар бар. Сондай-ақ, бірқатар үйлердің құрылысы аяқталып, пәтер кілтін табыстау көзделген.
Поделиться
Читать Arbat media в