Новости Казахстана7 апреля 2023, 17:12

Әсет Мағауов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.media.  

Соңғы төрт жыл бойы вице-министр қызметін атқарған шенеунік жаңа министр тағайындалған соң қызметінен кетіп жатыр. Бұған дейін министр болған Нұрлан Ноғаев, Мағзұм Мырзағалиев, Болат Ақшолақовпен бірге жұмыс істеген Әсет Мағауовтың енді қандай қызметке баратыны әзірге айтылмады.

Ә.Мағауов 1972 жылы Атырау облысында дүниеге келген. И.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын аяқтап, еңбек жолын 1994 жылы "Теңізмұнайгаз" АҚ экономика бөлімінің экономисі қызметінен бастаған.

Осыған дейін ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, сонымен бірге, «Қазақойл», «Мұнай және газ көлігі», «Теңізшевройл», «ҚазМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз» компаниялары құрылымдарында қызмет етті.

Сондай-ақ әр жылдары энергетика және минералдық ресурстар (2008-2010 жж.), мұнай және газ (2010-2011 жж.), энергетика (2016-2017 жж.) вице-министрі, «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры болып жұмыс істеген.

2019 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Әсет Мағауов вице-министр энергетика Қызмет

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!