Новости Казахстана20 июня 2023, 22:50

Арыстанбек Мұхамедиұлының үш сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар онымен бірге айыпты деп танылған сыбайластарына үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Арыстанбек Мұхамедұлын тергеу кезінде айыпты деп танылған үш сыбайласына судья Бағлан Ыдырысов 7 жылдан үкім тағайындады. 

Алмаз Нұразханға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Оған мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Азамат Көшенов Қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-тармағы 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады және мемлекеттік сатып алумен айналысуына тыйым салынады. Айым Сәдуақасоваға Қылмыстық кодекстің 28-бап, 5-бап және 189-бап 4-бап 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады, - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Сондай-ақ, Алмаз Нұразханға берілген «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атағынан айыру туралы Президентке  ұсыныс берілетін болды. 

Алмаз Нұразхан Сот үкімі Ұлттық музей

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!