Ақтөбе облысының тұрғыны дүкеннен 33 дана ұялы телефонды ұрлап кетті
Ақтөбе облысында 33 ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
25 сәуір белгісіз адам түнгі уақытта жертөле үй-жайының пластикалық терезесін ашып, Қобда ауылындағы сауда үйіндегі бутиктен 33 дана ұялы телефон мен 30 мың теңге ұрлап кеткен. Аталған оқиғадан кейін полиция шығын көлемінің 3,9 млн теңге екенін анықтады.
Іздеу кезінде 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, 11 телефон тәркіленді. Ұрлық жасағаннан кейін күдікті Шымкент қаласына барып, ұрланған телефондардың бір бөлігін сатқаны анықталды. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалды, деді ІІМ баспасөз қызметі.
Поделиться
Читать Arbat media в