Ақтөбе іргесіндегі Қарғалы өзені тасып адамдар көшіріліп жатыр
Ақтөбе қаласында Қарғалы өзені көтеріліп, 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы маңындағы Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша ұжымдарына қауіп төнген. Осыдан кейін Қарғалы өзені көтеріліп, адамдар эвакуацияланды.
Облыстық ТЖД-нің қызметкерлері 95 адамды көшірді. Оның ішінде қырық бала бар. Аталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары да жұмылдырылды, - деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
30 наурызда Қарғалы өзені су деңгейінің жоғарылауына байланысты Қарғалы ауылының 10 саяжай учаскесі су астында қалған. Жұмылдырылған күштер мен құралдар құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
27-30 наурыз аралығында Ақтөбе облысында температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашынның болжануына байланысты еріген ағынның пайда болуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, су тасқыны мен су басу орын алуы ықтимал.