Новости Казахстана21 апреля 2023, 16:55

Ақтауда дәрігерлер уланған мейрамхананың қызметкерлері жұмыстан шығарылды

Ақтауда ауызашарға барған дәрігерлердің астан улануы бойынша тексерістен кейін аталған мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Arbat.media

Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров мейрамханаға тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. Онда 20 қызметкердің жалған медициналық кітапша жасатып, қалған төртеуінде мүлдем болмаған.

Улану жағдайынан кейін тексерілген 21 қызметкердің жетеуінің ағзасынан стафилокок табылған. Сонымен бірге, мейрамханадан жарамдылық мерзімі өткен 220 келі көлеміндегі 73 түрлі тағам анықталған.

Жоспарға сай тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған өрескел санитариялық талаптарды бұзушылар адам денсаулығына әкеліп соққан әрекеті үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 425-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекеті бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды, - деді Асылбек Шаров.

Облысқа қарасты аудандардағы ауруханада қызмет ететін дәрігерлер сәуір айының басында Ақтауда ауызашарға қатысқан. Енді олардың улану жағдайына қатысты іспен Ақтау қаласының полиция басқармасы айналыспақ. 

Бұған дейін Маңғыстауда астан уланған дәрігерлер туралы жазған болатынбыз. Сол жолы ауызашарда  16 дәрігер улану белгілерімен шағымданып, он адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. 

 

Ақтау Дәрігер Ас Улану

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!