Новости Казахстана12 апреля 2023, 17:53

Ақтауда ауызашарға барған жиырмаға жуық дәрігер уланды

10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде берілген ауызашардан кейін он алты дәрігер астан уланып қалды. Аталған шараға Маңғыстау облысының қала, аудандық емдеу мекемелерінен 50 адам шақырылған, деп хабарлайды Arbat.media.

Ауызашардан кейін араға аз ғана уақыт салып  16 адам улану белгілерімен шағымданған. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің мәліметінше, он адам ауруханаға жатқызылған. 

Астан уланған алты адамға амбулаторлық емге жолданды. Ал 10 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, емдеу жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ, науқастардың жағдайы - тұрақты, температурасы бірқалыпты, динамикасы оң. Барлық анализдер алынып, ем қабылдап жатыр. Шағыммен келген кезде қан қысымы төмен болған, инфузионды терапиядан кейін жағдайы жақсарды, – дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.

 Әзірге уланған адамдардың жағдайы қалыпты болғанымен, ас берген орынға қандай шара қолданылатыны белгісіз. 

Ақтау ауызашар Қоғам Тамақтану

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!