Новости Казахстана9 марта 2023, 15:17

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті санкция тізімінен шығарды

Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін жағдайдан "Сбербанктің" Қазақстандағы еншілес банкі «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншісіне өткен болатын. Қаржы ұйымының атауы Bereke Bank болып өзгергені белгілі. Қазақпарат халықаралық агенттігі АҚШ Қаржы министрлігінің ресми сайтында Bereke Bank-тің санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарылғаны туралы жазды. 

Санкциялық тізімнен шығарылған Bereke Bank сайттағы құжатта "Ресей Себрбанкінің еншілес банкі", SB SBERBANK, «Ресей Сбербанкінің еншілес акционерлік қоғамы және TEXAKABANK секілді төрт түрлі атаумен берілген. 

Өккен жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев "Вereke Bank"-тің қордаланған шығыны мемлекет есебінен төленбейтіні туралы айтқан болатын. 

Bereke Bank Санкция АҚШ Қазақстан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!