АҚШ-тың Монтана штатында TikTok-қа шектеу енгізілді
АҚШ-тың Монтана штаты TikTok әлеуметтік желісіне заңды түрде тыйым салды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл АҚШ-та алғаш болып шектеу қойылған аймақ болып отыр. Аталған заңға штат губернаторы Грег Джанфорте қол қойғаны белгілі болды.
Монтана тұрғындарының жеке деректерін Қытай коммунистік партиясынан қорғау үшін мен Монтанада TikTok-қа тыйым салдым, - деп жазды ол Twitter-дегі ресми парақшасында.
Аталған тыйым 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енбек. Сол күннен бастап Google және Apple онлайн дүкендерінде Монтана штатының аумағында TikTok-ты жүктеуге тыйым салынбақ.
Айта кететін бір жайт, аталған платформаны пайдаланып жүргендерге санкциялар салынбайды.
Поделиться
Читать Arbat media в