АҚШ елімізде локоматив құрастыруды жоспарлап отыр
АҚШ компаниясы елімізде 240 локоматив құрастыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл мәліметті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа мемлекеттік сапары аясында АҚШ-тың Wabtec және Citigroup компанияларының жетекшілерімен өткізген кездесуінен соң «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров мәлім етті.
«Wabtec» коропорациясы елімізден 20 жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда компанияның астанада 1 мыңға жуық жұмысшысы бар. Ол америкалық локоматив өндіруші ұйым. Бүгінгі келісімшарт жаңа кезеңнің басталуы десе болады. Яғни Citibank-тің қаржыландыруы арқылы «Wabtec» компаниясы елімізде 240 жаңа локоматив шы,аруды көздеп отыр. Бұл жағдай Мемлекет басшысы тапсырып отырған орта дәлізді дамытуға септігін тигізбек. Мәміленің құны 900 млн долларға тең. Яғни олар «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының локомативтерін жаңа локомативтерге алмастыруға жол ашып отыр»,-деді қаржы орталығының басқарушысы.
Поделиться
Читать Arbat media в