Ақмола облысында жоғалған әйел он күннен кейін табылды
Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел 10 күннен кейін аман табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 34 жастағы үш баланың анасының жоғалғанды туралы наурыздың 20-да күйеуі Қосшы қаласындағы полицияға хабарлағанын мәлімдеді. Ол наурыздың 12-сінде сағат 23:00 жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Үйінде үш баласы жалғыз қалған.
Криминалдық полиция қызметкерлері мен өзге де қызметтер бірлесіп, іздестіру шараларын қолға алды. Жоғалған әйелдің таныстары мен туыстарынан сұрап білді. Соның нәтижесінде наурыздың 22-сінде әйелдің Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері бұл әйелді кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана ретінде профилактикалық есепке және бақылауға алды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Наурыз айының басында Түркістан облысында аң аулауға шыққан адам жоғарлып кеткен болатын. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлер іздеу нәтижесінде қайта оралмаған адамды он күннен кейін тапты.