Алтай Көлгінов қызметінен босатылды
Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - деп жазылған ақпаратта.
Әзірге Алтай Көлгіновтің неліктен қызметінен кеткені айтылмады. Ол былтыр желтоқсан айында үкімет басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
Поделиться
Читать Arbat media в