Алматыда 16 мыңнан аса азамат алименттен қашып жүр
Алматыда 16 мыңнан аса азамат алименттен қашып жүр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қалалық әділет департаментінің бөлім басшысы Әнуар Жексеков айтты.
Қазір Алматы қаласы сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу жөніндегі 16 мыңнан астам іс бар. Оның 60%-дан астамы мерзімді өндіріп алу барысында. Биыл 78 борышкер әкімшілік, 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сот орындаушыларының 4 ұсынысы анықтау органдарының қарауында.
«Борышкерлер 50 млн теңгеден астам берешек төледі», - деді Әнуар Жексеков.
Поделиться
Читать Arbat media в