Новости Казахстана11 июля 2023, 14:55

Алматы мен Астанада қоғамдық көлік құнын бірнеше есе өсіруді ұсынған шенеунік халық ызасын тудырды

Астана мен Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру бағасын көтеру керек деген Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі, мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов қоғам сынына ұшырады, деп хабарлайды Arbat.media.

Экс-кеңесші еліміздегі қос қаладағы жол жүру ақысының жоғары болу қажеттігін атап, 425-350 теңгеге дейін көтеруді ұсынған. 

Қоғамдық көлікте жол жүру бағасын шынымен, қашан өсіреміз? Демалыс күндері бірнеше танысым Астанаға басқа қалалардан жету қиынға соққанын айтты: қалааралық InDriver-де бос көліктер болған жоқ! Жаз - мерекелер мен ұзақ демалыс алатын мезгіл. Жаңа автобус бағыттарын іске қосатын уақыт келді, өйткені бұл кез келген жағдайда таксидегі 1-2 орыннан арзан. Бірақ түсініп отырғаныңыздай, бізде барлық қалада автобустар жетіспейді. Астанада 400 автобус жетіспейді және алдағы жылдары бұл көрсеткіш екі есеге артады. Жақында Алматыда қоғамдық көліктің шығынсыз тарифі жарияланды - бұл 425 теңге. Биылғы өсім тағы да тасымалдаушылардың шығынын жоймайды. 2017 жылдан бері Алматы бюджеті тасымалдаушыларға берілетін субсидияны 2022 жылы 6,9 миллиард теңгеден 50 миллиард теңгеге дейін арттырды. 2023 жылы сома 86 миллиардқа дейін өседі!, - деп жазды фейсбукте Олжас Байділдинов.

Оның сөзін бақсақ, аталған салада жемқорлық белең алып кетсе керек. 

Астанада бұл сома азырақ - 12 миллиард теңге. Субсидиялар тиімсіз жұмсалғандықтан, бұл салада атқарылған істер бұлыңғыр әрі жемқорлыққа батқан. Соның салдарынан азаматтар зардап шегеді - сайып келгенде, қызмет көрсету сапасы жоқ. Көп жағдайда автобустар жетіспейді, маршруттар ыңғайсыз, автопарк тұтастай ескіреді. Мен бұл туралы кейінірек өз талдауымды жариялаймын. Бірақ менің тезисім қарапайым: такси бағасымен Яндекске қарсы тергеу арқылы емес, нарықтық қатынастар мен қоғамдық көліктегі бәсекелестік арқылы күресу керек. Астанада шығынсыз тариф (бұрын Мәслихат сессиясында жарияланған) - 350 теңгеден жоғары. Жергілікті билік экономикаға қажет шешімдер қабылдаудан тағы да қорқады, - деді жазбасында экс-кеңесші. 

Қаңтар оқиғасы кезінде Олжас Байділдинов газ бағасына қатысты наразылық білдірген ақтаулықтарды сынға алып, "газ бағасы қымбат болса, қоғамдық көлікпен жүруге болады. Бұл мәселе емес" деп пікір айтқан еді.   

Олжас Байділдинов Кеңесші

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!