Новости Казахстана23 июня 2023, 21:25

Алимент төлеуден жалғарған 7 мың әкеге шетелге шығуға шектеу қойылды

Қазақстанда алимент өндіру мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан 16 345 іс өте өзекті болып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің әділет министрі Азамат Есқараев  алимент төлемеудің негізгі себептері – борышкерлердің ресми жұмыс орнының, кірістері және өндіріп алуға болатын мүліктердің болмауынан екендігін атады. 

2023 жылдың 5 айында алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 1 094 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Ішкі істер органдарына Қылмыстық кодекстің 139-бабы шеңберінде 410 ұсыным беріліп, оның 76-сы сотқа жолданды, 196 ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Тағы 21 істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы шешім қабылданды, - деді министр. 

Бұдан бөлек, 7 мыңға жуық борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылған көрінеді. 

Кей жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп, борышкерлерді тұрақты жұмысқа тұрғызу жәрмеңкелер өткізеді. Мысалы, 2022 жылдың 5 айында республика бойынша 1 400 борышкер жұмысқа орналастырылды, - деді Азамат Есқараев.

Алимент Әке Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!