Абай облысындағы өрттен кейін орманшылар еңбекақысы өсетін болды
Шілде айынан бастап Қазақстан бойынша орманшылардың жалақысы артады, деп хабарлайды Arbat.media.
Ал орман шаруашылығындағы материалдық-техникалық база 2027 жылға дейін толығымен жаңаратыны айтылды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінгенін атады. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған көрінеді.
Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады, – деді министр Зүльфия Сүлейменова.
Поделиться
Читать Arbat media в