Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Абай облысында жанып жатқан орман өртін сөндіру бойынша кешенді жұмыстар әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Arbat.media.
18 маусым кешкі жағдай бойынша ТЖМ мен ЭТРМ бірлескен күштерімен аэровизуалды ұшу және қарауылдау барысында анықталған түтін шығып жатқан орындардағы өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 500-ден астам адам, 167 техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылған.
Сондай-ақ, Талица, Успенка, Бородулихада орнатылған командалық-штабтық автомобильдер есебінен бейнесуретті нақты уақытта жібере отырып, өрттің периметрі бойынша жағдайдың мониторингі қамтамасыз етілмек.
Поделиться
Читать Arbat media в