Абай облысында тұрғындары көшірілген Бұлақ ауылының адамдары үйлеріне оралды
Абай облысындағы орман өртінің біршама басылуынан кейін Бұлақ ауылының қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазір орман өрті оқшауланып, жағдай тұрақталған. Осыдан кейін тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданып отыр.
Өрт кезінде Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған еді.
Бірнеше күннен бері жанып жатқан Абай облысындағы өрті 2000-ға тарта адам сөндіріп жатыр. Сонымен бірге 10-нан астам тікұшақ жұмылдырылған.
Поделиться
Читать Arbat media в