Новости Казахстана14 июня 2023, 16:23

Абай облысында өрттен қайтыс болған 14 адамға "Құрмет" ордені табысталды

Абай«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» ордендерімен марапатталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Абай облысында орман өрті кезінде қайтыс болған "Семей орман" резерватының 14 қызметкеріне мемлекеттік марапатты  Экология және табиғи рерурстар министрі табыстады. 

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері “Құрмет" орденімен марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

8 маусымнан бері Семей орманындағы өрт өрши түсіп, 60 мың гектардан астам аумақты отқа орады. Аталған төтенше жағдай кезінде өңірдегі орман шаруашылығында қызмет ететін 14 қызметкер қайтыс болған еді. Қазақстан

Абай облысы Құрмет ордені Орманшылар

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!