Абай облысында орман өртінен қайтыс болған қызметкер жүкті болған
Абай облысында өрт кезінде қаза тапқан "Семей орманы" РММ-нің Жаңашүлбі филиалының Успен орманшылығының басшысы болған марқұм Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы марқұмның құрбысы мәлімдеді.
Алайда Бородулиха ауданы ауруханасының бас дәрігері Абай облысындағы өрт кезінде қайтыс болған Жиенбаеваның жүктілік бойынша есепке тұра алмағанын айтты. Оның айтуынша, әйелдің жағдайы туралы ақпарат оларда болмаған.
Марқұм Мейрамгүл Жиенбаеваның соңында 15 жасар ұлы мен 5 жасар қызы қалды.
Поделиться
Читать Arbat media в