Земфираның гастрольдік сапары: ұйымдастырушылар не деуде
Ресейлік әнші Земфираның гастрольдік сапарының бірлескен ұйымдастырушысы Дана Орманбаева өзінің Telegram арнасында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жеткізеді Arbat Media.
Дана кінәні Қазақстандық ұйымдастырушылардан емес, Земфираның өзі мен оның көмекшілерінен көреді. Оның айтуынша, әншінің тур менеджерімен арада сөзге келіспеушіліктер туындаған. Ал Аматыда жарықпен де, дыбыспен де еш қиындық туындамаған.
Концерттен кейін әншінің достары ұшып келіп, киіну бөлмесінда ұзақ болып, содан соң қонақүйге барды. Онда олар таңғы беске дейін болды. Жарық пен дыбыстың сапалы болуы жалғыз жабдықтарға байланысты емес. Оған кез келген әншінің жеке ұжымының жұмысы да әсер етеді. Ал Земфираның ұжымында бақандай 3 адам бар. Әрі ол 3 рет "f**k" сөзін бізге емес, жеке дыбыс режиссері Александрға бағыттады. Кейбір деректерге сәйкес, оны Астанадағы концерті біткен соң бірден жұмыстан шығарып жіберген, - деп жеткізді Дана Орманбаева.
Дана өзінің ұжымының концерттерді ұйымдастырумен айналысып жүргеніне біраз жыл болғанын және бұл салада тәжірибесінің көптігін ерекше атап өтіп, өз тарапынан қателіктер кеткен болса, мойындай білетіндігін айтады.
Сөзіне арқау ретінде ол Земфираның киіну бөлмесінде түсірілген кадрларды Telegram арнасында жариялады.
Біз адам жұлдыз болсын, басқа болсын, бәріне бірдей қараймыз. Бұл біздің бірегей стандарт. Сіздің Қазақстанға бұл сапарыңызды ешқашан ұмытпаймыз, - деп жазды Дана Орманбаева.
Тәжікстан басшысы іссапармен Қазақстанға келеді