Владимир Зеленский АҚШ-та ауруханаға, жараланған сарбаздарға барды
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-та ауруханаға, жараланған сарбаздарға барды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украина президенті Нью-Йорктегі Статен-Айленд университетінің ауруханасында болды.
Аяқ-қолынан айырылған тоғыз украиналық солдат сол ауруханада емделіп, оңалту курсынан өтіп жатыр.
Владимир Зеленский жаралы жауынгерлерді марапаттап, былай деді:
«Біз сіздердің жауды жеңулеріңізді күтеміз, сауығып кетіңіздер, оралыңыздар, біз жеңеміз».
Поделиться
Читать Arbat media в