Украина әскери барлауы: Рамзан Қадыровтың жағдайы өте ауыр
Украина әскери барлауының мәлімдеуінше, Қадыровтың жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Біз оның тағы бір ауыр асқынғанын және соңғы бірнеше күнде жағдайы өте ауыр екенін растай аламыз», - деді Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының өкілі Андрей Юсов «Укринформ» агенттігіне.
Бұған дейін оппозициялық шешен арналары Рамзан Қадыровтың комаға түскенін хабарлағанымен, бұл ақпаратқа дәлел келтірмеген.
Осы көктемде БАҚ-та, соның ішінде батыстық басылымдарда Шешенстан басшысының ауыр бүйрек ауруына шалдыққаны туралы хабарлар пайда болды.
Өткен жылдың қыркүйегінде Украина қауіпсіздіңк қызметі Қадыровқа «адамдардың өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соққан Украинаның аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмаушылығын бұзу» және «агрессиялы соғысты жоспарлау, дайындау, босату және әрекет жасау» баптары бойынша қылмыстық айыптаулар бойынша іздеу жариялаған.
Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.