Ким Чен Ын Ресейге Путинмен кездесуге жолға шықты
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Ресейге жолға шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
КХДР басшысы қазір шекараға пойызбен бара жатыр, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның YTN телеарнасы.
Путин мен Ким Чен Ынның кездесуі сәрсенбі күні Владивостокта өтуі мүмкін.
Онда Ресейге ресми қару-жарақ жеткізу мәселесі талқылануы мүмкін.
Поделиться
Читать Arbat media в