Мир12 сентября 2023, 13:09

Ким Чен Ын Ресейге әскери шенеуніктермен бірге келді

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын 12 қыркүйек, сейсенбі күні таңертең өзінің жеке пойызымен Ресейге келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кореяның орталық ақпарат агенттігі хабарлауынша, Ким Чен Ын жексенбі күні сапарға шығып, ал Ресейде президентВладимир Путинмен кездеседі деп жоспарланған, деп жариялады DW.

Солтүстік Корея басшысымен бірге әскери саланың жоғары лауазымды өкілдері, дипломаттар мен әскери жетекшілер бар.

Ким Чен Ынның Ресей Федерациясына келуі және екі ел басшыларының алдағы кездесуі Кремльде расталды.

Алдағы сапары туралы бірінші болып хабарлаған америкалық шенеуніктердің айтуынша, Солтүстік Корея басшысы Путинмен Мәскеуге қару-жарақ жеткізу мүмкіндігін талқылайды.

Делегация құрамына қарағанда, КХДР билігі бірінші кезекте әскери саладағы ынтымақтастықты талқылауға ниетті, деп жазады Reuters.
Ресейге КХДР Әскери өнеркәсіп департаментінің директоры Чо Чун Рён да барды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер, егер Путин мен Ким Чен Ын алдағы кездесуде корей оқ-дәрілерін жеткізу туралы келісімге келсе, АҚШ жаңа санкциялар енгізуге дайын екенін айтты.

Мәскеу мен Пхеньян тараптар қару-жарақ жеткізу мәселесін талқылайды деген мәлімдемені жоққа шығарды.

БАҚ оның Владимир Путинмен 10-13 қыркүйекте өтетін Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумы аясында кездесуі мүмкін екенін хабарлады.

Ким Чен Ын Путин Ресей Кездесу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!