Мир5 сентября 2023, 15:15

АҚШ-тың бірінші ханымынан коронавирус анықталды

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды,-  деп хабарлайды Arbat.media

Reuters-ке сілтеме жасап.

Америка президенті Джо Байденнің Үндістандағы «Үлкен жиырмалық» саммитіне барардан бірнеше күн бұрын Джилл Байден коронавирусқа тест тапсырған. Байденнің 72 жастағы зайыбы бұған дейін коронавируспен былтыр тамызда ауырған. Қазір оның бойында вирустың жеңіл белгілері бар. АҚШ президенті Джо Байден соңғы рет 2022 жылдың шілдесінде коронавируспен ауырып шыққан, деп Ақ үй мәлімдеме жасады. 

Бүгін кешке Американың бірінші ханымынан COVID-19 вирусы анықталды. Ол Делавэр штатында орналасқан Рехобот-Бичтегі үйінде қалады, - деді оның қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Элизабет Александер.

Президент Байденнің коронавирусқа тапсырған тесті теріс болып шыққан. Осы аптада президент жүйелі түрде тестілеуден өтіп, вирус белгілерінің бар-жоғын бақылап отырады.

Бұған дейін Ақ үй Джо Байденнің Нью-Делиде 9-10 қыркүйек аралығында өтетін G20 саммитіне қатысатынын хабарлаған болатын.

Джилл Байден АҚШ covid-19 Ақ үй

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!