АҚШ дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттелді
АҚШ дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттелді, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылдап жатыр.
Бұл туралы Лос-Анджелестегі түрік қоғамдық дипломатиясы тақырыбына арналған конференция барысында армян радикалды топтарының арандатуына түсініктеме берген АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеді.
«Анадолу» агенттігінің сауалына Мемлекеттік департамент өкілі 29 қыркүйекте Түркияның Вашингтондағы елшісі Хасан Мұрат Мержанның қатысуымен өткен шарада Лос-Анджелесте орын алған оқиғадан дипломатиялық департаменттің хабардар екенін айтты.
«Біз дипломаттардың қауіпсіздігіне берік ұстанымымызды растаймыз және дипломатиямен айналысатындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылдауды жалғастырамыз», - деп қосты АҚШ Мемлекеттік департаменті.
Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік департаменті оқиғаны тергеу аясында Лос-Анджелес полиция департаментімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
АҚШ полициясы 29 қыркүйекте Лос-Анджелесте өткен «Түркияның сыртқы саясатындағы қоғамдық дипломатияның рөлі» атты конференциясында армяндардың арандатушылық әрекетін тоқтатылған.
Іс-шарада полиция Әзірбайжан, Түркия және шараны ұйымдастырушыларға тіл тигізген наразы адамды залдан шығарды.
Түркия елшісі Хасан Мұрат Мерджан сөз сөйлеген кезде 11 студенттен тұратын топ та наразылық білдіре бастаған.
Конференция аяқталғаннан кейін қатысушылар көшеде тұрған армян радикалдық топтарының шабуылына ұшыраған.
Түркия сыртқы істер министрлігі аталмыш оқиғаны айыптады.