Placeholder
Genya SavilowAFP/Getty Images
Мир27 сентября 2023, 14:04

Андрей Шевченко Владимир Зеленскийдің кеңесшісі болды

Андрей Шевченко Владимир Зеленскийдің кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Украина құрамасының бұрынғы футболшысы және бапкері Андрей Шевченко Владимир Зеленскийдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Жарлық Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланды.

Шевченко – Украина тарихындағы ең атақты футболшы. Осы жылдар ішінде ол Киевтің «Динамосы», «Милан» және «Челси» командаларында ойнап, 2004 жылы Еуропадағы ең беделді жеке жүлде – «Алтын допты» жеңіп алды.

2016-2021 жылдар аралығында Шевченко Украина құрамасын жаттықтырды, ал 2022 жылдың мамырынан бастап United24 фандрейзинг платформасының алғашқы елшісі болды.

Андрей Шевченко Зеленский Кеңесші

Новости по теме