Placeholder
Бастау» кинофестивалінің ұйымдастырушылары
Қазақстан жаңалықтары18 желтоқсан 2023, 9:00

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары

Алматыда XI Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жабылу салтанатында фестивальдің барлық конкурстық бағдарламаларында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Kazinform.

Жүлде мен дипломдарды лауреаттар қазылар алқасы мүшелерінің қолынан алды:

толық метрде — Эльчин Мусаоглу (Әзербайжан), Суат Кожер (Түркия), Таалайбек Құлмендеев (Қырғызстан), Болат Қалымбетов және Жанна Қуанышева (Қазақстан);

қысқа метрде — Азиз Жамбакиев (Қазақстан), Сириэль Нифль (Франция), Рено Пешер (Франция)), Мурад Ибрагимбеков (Әзірбайжан) және Эльвира Мамытова (Қырғызстан);

деректі фильмде — Нино Киртадзе (Франция / Грузия), Хелен Герритсен (Нидерланды), Сафар Хакдодов (Тәжікстан), Әсия Байғожина және Талғат Тайшанов (Қазақстан) және студенттік қазылар алқасы — Диана Абдуллаева, Дильназ Жихангез және Қырмызы Рүстембекова.

Bastau DEBUTS бағдарламасында Қалықбек Салықов атындағы жүлде / Гран-при моңғолиялық режиссер Золяргал Пуревдаштың «Если бы я только мог впасть в спячку» картинасына бұйырды.

«Үздік режиссура» жүлдесін «Воскресенье» фильмі үшін өзбекстандық Шокир Холиков пен «Иншаллах, бала» фильмі үшін иорданиялық Амжад Әл-Рашид жеңіп алды.

«Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» қазақстандық Макс Акбаровтың «Дала» фильміне бұйырды.

Үздік актер қырғызстандық Токтосун Азығұлов («Дитя небес» фильмі), ал үздік актриса ресейлік Хадижа Батаева («Клетка ищет птицу») болды.

«Қазылар алқасының ерекше аталымы» номинациясында грузиялық Бек Сихарулидзенің «От жизни к жизни» картинасы жеңді.

«Жыл серпілісі» атты тағы бір арнайы сыйлық Айсұлтан Сейтовтың «Қаш» фильміне табысталды.

BASTAU SHORTS бағдарламасында Қытайдан келген қысқаметражды туынды бәрінің көңілінен шықты — «Сен маған қарайсың ба?» фильмі «Үздік қысқаметражды деректі фильм» номинациясында жеңіске жетіп, сондай-ақ НЕТПАК қазылар алқасының жүлдесін және студенттік қазылар алқасының «Ерекше аталымына» ие болды.

Австралиядан келген «Кеселер» ең үздік анимациялық қысқаметражды фильм, ал Ираннан келген «Дөңгелек пен шөл дала» ең үздік қысқаметражды көркем фильмі деп танылды.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі қазақстандық «Дала қорғаушысы» лентасына бұйырды, ал Ресейдің «Байкал жүрегі» фильмі «Ерекше аталым» сыйлығын алды.

BASTAU Docs байқау бағдарламасында Ораз Әбішев атындағы бас жүлде Польшадан келген «Артқы көрініс айнасында» фильміне, ал қазылар алқасының арнайы жүлдесі Румыниядан келген «Екі төңкерістің арасында» деректі жұмысына берілді.

Фестиваль серіктесі AlmaU Медиа және кино мектебінің арнайы сыйлығы «Голос ледника» деректі фильмінің түсірілім тобына берілді.

Студенттік қазылар алқасы фестивальдің ең үздің қысқаметражды фильмі ретінде Израильден келген «Антисоциал» картинасын атады.

Сондай-ақ, салтанатты рәсімде Almaty Film Lab шеберханасы питчинг жеңімпаздарының есімі белгілі болды, олар өз жобасын одан әрі өндіру үшін ақшалай сыйлық алды.

92 өтінімнің ішінен Ян Бушмина «Аң» жобасымен және Жәмиля Сахари «Жолаушылар» жобасымен қысқаметражды көркем фильмдер санатында үздік шықты, ал деректі фильмдер санатында Альмира Исмаилова «Көндім» жобасымен жеңіске жетті.

Салтанатты шара BASTAU DEBUTS халықаралық конкурстық бағдарламасында жеңімпаз болған фильмнің көрсетілімімен аяқталды. 

 

 

Бастау кинофестиваль BASTAU Docs  BASTAU SHORTS

Тақырыпқа жаңалықтар