Placeholder
Фото: gov.kz
Қазақстан жаңалықтары4 мамыр 2024, 15:40

Норма: Тірі адамға қандай жағдайда ескерткіш қойылады

Мәдение және ақпарат министрлігі монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына өзгерту енгізбекші. Сондай-ақ, жеке адамға арналған ескерткішті мемлекеттік орган орнатса, жұрт емін-еркін кіре алатын орынға қойылу керектігі айтылған,- деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Құрылыс мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды. Жергілікті атқарушы органдардың монументтік өнер құрылыстарын орнатуы бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. Монументтік өнер құрылыстары Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде көрнекті тұлғаның болуын ескере отырып орнатылады. Құрылыстың жұртшылыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жеке ұйымдардың аумақтарында және жекелеген меншік иелері мен пайдаланушыларға тиесілі учаскелерде құрылысты орнатуға жол берілмейді», - делінген құжатта.

 

 

тірі адам Ескерткіш заң нормасы

Тақырыпқа жаңалықтар