Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары4 мамыр 2024, 8:00

Шымкент полициясы 4 жасар қыздың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Шымкентте 4 жасар қыздың зорланып, айуандықпен өлтірілгені туралы ақпаратты полиция жоққа шығарды. Бүлдіршіннің өлімі туралы ақпарат «Не молчи» қорына келіп түскен, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы қордың негізін қалаушы Дина Таңсәрі желі парақшасында жарияланды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ондағы жазбаға сүйенсек, белгісіз адам бүлдіршінді зорлап, кейін денесін бөлшектеп өлтірген.

Қалалық полиция департаменті тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

«Шымкент қаласында 4 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Біз азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймыз», -деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Шымкент полициясы бүлдіршін өлімі

Тақырыпқа жаңалықтар