Placeholder
Фото: ru.freepik.com
Қазақстан жаңалықтары4 мамыр 2024, 15:12

Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде ел азаматтары тісін тегін емдете алады. Ол үшін тұрғын шартта көрсетілген санаттың біріне сай келу керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

МӘМС арқылы тісін тегін емдете алатын азаматтар санаты:

 

  • Балалар; (Шұғыл жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар)
  • Жүкті әйелдер;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен зейнеткерлер;
  • Жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
  • Ерекше баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар жоспарлы стоматологиялық көмекті ақысыз ала алады.

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен көрсетілетін стоматологиялық емдеу шаралары бекітілген. Олар:

 

  • Тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.

 

Аталған жүйе бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 6-12 жас аралығындағы балалар ортодонтиялық емді де ақысыз түрде алуға мүмкіндігі бар.

 

Қазақстан тегін емдету тіс емдету МӘМС

Тақырыпқа жаңалықтар