Анасы мен әйелі педофилдің түрмеден қашып кетуіне көмектескен
АҚШ-та бір жыл бұрын анасы мен әйелінің көмегімен түрмеден қашып кеткен педофил-зорлаушы ұсталды, - деп хабарлайды Аrbat.media.
14 жасар өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталған 39 жастағы Сэмюэль Хартман 2022 жылдың 12 тамызында қашып кеткен.
Сол күні ол тұтқындар бригадасының құрамында түрменің сыртында жұмыс істеген. Қылмыскерлер жолдың бойында болған кезде кенеттен жүк көлігі жақын жерге тоқтап, ішінен екі әйел секіріп түсіп, көлікке қарай тұра жүгірген Хартманды көлегейлеп, күзетшілерге оқ жаудырған.
Түрме қызметкерлері үшеуін Миссисипи өзеніне дейін қуып барған. Онда Хартман мен оның серіктестері – анасы Линда Уайт пен әйелі Мисти Хартман болып шықты. Олар гидроциклге мініп, көзден таса болған.
Поделиться
Читать Arbat media в