Түркияда жоғалған екі қазақстандықтың үйінді астында қалғаны анықталды
Түркияда жоғалып кеткен үш қазақстандық азаматтың екуінің орналасқан орны белгілі болды. Олар жер сілкінісі кезінде құлаған үйіндінің астында қалған, деп хабарлайды арба
Мирболат Құрмашевтің ағасы Алмат үндеу жариялап, үйінді тазарту үшін кран қажет екендігі айтылды. Оның інісі мен қасында болған адамдар үйінді астында қалған.
Алмат Құрмашев Түркияда жер сілкінісі болған Хатай қаласына барған. Белгілі болғандай, інісі Мирболат пен тағы бір қазақстандық Әділ Қадырбеков үйінді астында қалған. Бұған дейін тағы бір отандасымыз Сабина Мамадиярова аман табылған болатын.
Ресми дерек бойынша, Түркия мен Сирияда қаза тапқандардың саны 12 мыңнан асып жығылды. Статистика бойынша үйінді астынан табылғандардың арасында тірі қалғандар тым аз екені белгілі болып отыр.
Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкісінінен кейін бірнеше мың адам қайтыс болып, он мыңнан астам адам жарақат алды. Сонымен бірге, шекараға жақын орналасқан Сирияның кейбір провинцияларында да табиғат апаты тіркелді. Соның салдарынан мыңға жуық адамның қайтыс болғаны айтылды. Апатты жағдайдан кейін еліміздің президенті Түркия басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Арнайы тапсырма бойынша Қазақстаннан 100 құтқарушы екі лекпен түрік еліне аттанды.
Апаттан кейін Түркияда бір апта бойы аза тұту жарияланды. Сондай-ақ, еліміздегі Түркия елшілігінде көңіл айту кітабы ашылып, оған мемлекет басшысы арнайы барып қайтты.