Түркияда зілзаладан құлаған үйлерге байланысты 269 адам қамалды
Ақпан айының басында Түркияның Кахраманмараш аймағыда болған жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғынүйлерге қатысты 269 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Түркиядық Анадолы ақпарат агенттігі табиғат апатына қатысты қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын жазды. Елдің бас прокуратурасы адам өліміне әкелген сапасыз құрылыс үшін 1068 адамның күдікке ілінгенін мәлімдеді. Сонымен бірге, 320 күдікті ел аумағынан шықпау туралы қолхатпен босатылған.
Бұдан бөлек, 228 күдіктіні ұстауға бұйрық берілсе, тағы 106 адамды қамауға алу туралы рұқсат берген. Қазіргі уақытта күдікке ілінгендерді 43-і зілзала кезінде қайтыс болғаны белгілі болды. Сонымен бірге, 14 адамның шетелде бой тасалап жүргені анықталды.
Ақпан айының басында Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан елу мыңға жуық адам қайтыс болып, жүз мыңнан астамы жарақат алды. Апат кезінде елде апта бойы аза тұту жарияланды. Қазақстан президенті түрік басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сонымен бірге арнайы тапсырма бойынша елімізден құтқару жұмыстарына ТЖМ арнайы топ екі лекпен аттанды.