Евразия17 февраля 2023, 18:53

Түркия мен Сирияда қайтыс болғандар саны 44 мың адамға жуықтады

Ақпан айының басында Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен қайтыс болған адамдары саны күн өткен сайын өсіп келеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Түркияның табиғи апаттарды жою басқармасының мәліметінше, 17 ақпандағы көрсеткіш бойынша зілзаладан Түркияда қайтыс болғандары саны 38 044 адамға жетсе, Сирияда 5 800 кісі өліміне жеткен. 

Бұған дейін іздестіру құтқару қызметін жүргізіп жатқан арнайы топ 16 ақпанда 248 сағат бойы үйінді астында жатқан 17 жастағы қыз бала аман-есен табылды. Сонымен бірге, он бір тәулік қираған үй астында болған екі азаматты құтқарушылар аман алып шықты. 

6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығысында болған зілзаладан бірнеше қала зардап шегіп, мыңдаған адам қайтыс болды. Сонымен бірге, жараланғандар саны жүз мыңға жуықтады. Апат кезінде еліміздің төрт азаматы жоғалып кетті. Олардың бірі тірі табылса, қалған үшеуі үйінді астынан өлі табылды. 

Апаттан кейін еліміздің президенті Түркия басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ арнайы тапсырма бойынша құтқарушылар тобы екі лекпен апат аймағына аттанды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 миллион АҚШ доллары көлемінде түрік ағайындарға көмек көрсету үшін қаржы бөлінді. 

түркия Сирия Апат өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!