Евразия2 февраля 2023, 20:29

Сергей Лавров Ресейдің Украинадан кейінгі нысанасын атады

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадан кейін қай елдің Ресейге қарсы орталыққа айналуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Журналист және тележүргізуші Дмитрий Киселевтің "Россия24" арнасына берген сұхбатында "Украинадан кейін Ресейге қарсы орталық кім болады деп ойлайсыз? Қазақстан немесе Қырғызстан " деген сауалға Сергей Лавров "Молдова " деп жауап берді.

Қазір бұл нысан ретінде Молдоваға баса аудауға болады. Өйткені олар НАТО-ға мүшелікке енуге асығатын, Румыния азаматтығы бар, Румыниямен бірігуге дайын және іс жүзінде бәріне дайын президентті нақты әдістермен қоя алды, - деді Лавров.

Министр бұл сөзбен шектеліп қалмады. Грузия да "Ресей үшін тітіркендіргішке айналғысы келеді" деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол "барлығы Украинадағы қақтығыстың аяқталғанын қалайды, бірақ бұл жерде уақыт емес, орыс халқы үшін нәтижелердің сапасы маңызды" деді.

 

Сергей Лавров Ресей Украина Соғыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!