Placeholder
Евразия14 февраля 2023, 20:15

Қырғыздың экс-президенті Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты

14 ақпанда Бішкектің Біріншімай аудандық соты елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа елден тыс мемлекеттерге шығуға рұқсат берді. Сондай-ақ Атамбаев ісі қайтадан ІІМ жолданды, деп хабарлайды Arbat.media.

24.kg басылымының хабарлауынша, сот оған елден шығуға рұқсат берген. Ал мұндай шешімнің шығуына оның денсаулық жағдайы себеп болған.  

Тергеуші сотқа бұрынғы мемлекет басшысына қатысты бұлтартпау шарасын сайлау туралы өтініш бере алады.


Қырғыздың "Социал-демократтар" партиясының төрағасы Темірлан Сұлтанбеков Атамбаевқа "өмірлік маңызы бар екі ота жасау керек, содан кейін оған емдеу және оңалту курсынан өту қажет" деп атап өтті. 

3 желтоқсанда Атамбаев Бішкектің Біріншімай аудандық сотының судьясына тіл тигізген болатын. 

Бұған дейін Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Соның ішінде 2019 жылдың 7-8 тамызында Кой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық кірістерді заңдастыру оқиғалары бар. Кой-Таштағы оқиғалар туралы материалдар тағы екі қылмыстық іспен біріктірілді, оның ішінде жер учаскелері және ЖЭО-ға көмір жеткізу мәселесі қаралған. 

Сондай-ақ, оған 2020 жылдың қазан айында Түркия азаматтарына төлқұжаттарды заңсыз беру және тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру туралы тағы айып тағылды. Осы айыптаулар бойынша экс-президент өзін барынша ақтауға тырысқан болатын. 

Қырғызстан Алмазбек Атамбаев Билік сот

Новости по теме