Евразия20 марта 2023, 22:12

Қашаған мұнайы Ақтау-Баку бағытымен тасымалдана бастады

Қазақстандағы "Қашаған" кенішінен алынған мұнай Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің жазуынша, жаңа тасымал бағыты  «Әзербайжан Каспий теңіз пароходы» ЖАҚ (ASCO) Теңіз көлік флотына қарасты «Академик Хошбахт Юсифзаде» танкерінің көмегімен жүзеге асырылып жатыр. 

Алғашқы тасымал аясында танкердің резервуарына барлығы 6 900 тонна шикі мұнай тиеліп отыр. Ақтау портынан сапарға шыққан танкер Әзербайжанның «Сангачал» терминалына жеткізіледі.

2022 жылы Әзірбайжанда іске қосылған "Академик Хошбахт Юсифзаде" танкерінің 7800 тонна жүк көтере алатын мүмкіндігі бар. Бұл танкермен мұнаймен қатар химиялық өнімдерді де тасымалдауға болады.

Қашаған Мұнай Қазақстан Әзірбайжан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!